Еуроодақ Украинаға 500 млн еуро бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ Украинаға 500 млн еуро бөлмек

19.07.2022

Еуро Одақ Украина әскерін қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін тағы 500 млн еуро бөлмек. 27 елдің сыртқы істер министрлері осындай келісімге келді. Ресей Украинаға басып кіргелі одақтың Киевке бөлген қолдау қаржысының көлемі 2,5 млрд еуроға жеткен. Еуроодақтың бас дипломаты Джозеф Боррель «дипломатиялық тұрғыда немқұрайлылыққа» жол бермеу керек екенін баса айтты. Азық-түлік дағдарысына Ресейді айыптады. Мәскеу әскери қылмыстарға барғанын үнемі жоққа шығарып келеді, ал әлемдегі қымбатшылық -Батыс санкцияларының кесірі,- деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу