Одақтастар Киевке 1 млрд доллар бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Одақтастар Киевке 1 млрд доллар бөлмек

14.12.2022

Батыс елдері Украинаға қыстан аман шығу үшін 1 миллиард доллар бөлмек. Киевтің одақтастары Париж конференциясында осындай уәде берді. Оның басым бөлігі жыл соңына дейін беріледі.

Бұған қоса Германия Киевке қосымша 50 млн еуро бөлетінін жариялады. Ал CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ Украинаға зымыранға қарсы «Пэтриот» кешенін беруге дайын. Мұндай шешім осы аптада қабылдануы мүмкін.

Бұл Украинадағы ракетаға қарсы қарулардың ең қуатты әрі заманауи түрі болмақ. «Пэтриот» жүйесі дыбыстан жоғары жылдамдықпен ұшатын нысандарды жоюға арналған.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу