G20 кездесуінде Украина мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

G20 кездесуінде Украина мәселесі талқыланды

02.03.2023

Украинадағы қарулы қақтығыс «Үлкен Жиырмалықтың» Үндістандағы кездесуінің басты тақырыбына айналды. Жиын сыртқы істер министрлері деңгейінде өтіп жатыр. Оған қатысушылар бейбітшілік пен жаһандық экономикалық тұрақтылық үшін Ресейді Украинадан әскерін шығаруға үндеді.

Мәскеуден астық келісімін ұзартуды талап етті. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзінше, Батыс өз әрекеттерімен бұл мәміленің күшін жойды. Үндістан «Үлкен жиырмалықтың» ұранын «Бір жер, бір отбасы, бір болашақ» деп қойған.

Елдің премьер-министрі Нарендра Моди «қарама-қайшы ұстанымдар болса да, әлем бізден бағыт-бағдар күтеді» деп мәлімдеді.

Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі:

Біз жаһанда қарама-қайшылық тереңдеген кезде бас қосып отырмыз. Сыртқы істер министрлері ретінде талқылауларыңызға геосаяси шиеленіс ықпал етуі заңды. Оны шешу үшін әрқайсымыздың өз ұстанымымыз бен көзқарасымыз бар. Әлемнің жетекші экономикалары ретінде жауапкершілігіміз жоғары.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу