IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын енді ауыл тұрғындарына да сатып алуға болады. Ол үшін Қазпошта бөлімшелерінде өтінім қалдыру керек. Өтінім беру жеке инвесторлар үшін 2-ші желтоқсанға дейін, институционалдық инвесторлар яғни, заңды тұлғалар үшін 30-шы қарашаға дейін жалғасады.
IPO-ға қатысуға Қазақстан бойынша 1000-нан аса Қазпошта бөлімшелерінде және Tabys қосымшасы арқылы өтінім бере аласыз. Бөлімшелер тізімін «post.kz» сайтындағы «Инвестициялар» бөлімінде табуға болады.
Бағдат Шолақов, «Қазпошта» АҚ Қаржы және агенттік бизнес департаментінің бас менеджері:
Эмитент өтініштерді қанағаттандыру туралы оңтайлы шешім қабылдаған жағдайда акциялар сіздің шотыңызға, болжам бойынша, 2022 жылдың 7 желтоқсанында аударылады.
«ҚазМұнайГаз» IPO-сына қатысу үшін Қазпошта брокерлік қызметтерін және тікелей жазылу қызметтерін ұсынады. Қазпоштада брокерлік шотты офлайн және post.kz веб-сайт арқылы онлайн ашуға болады және «Tabys» қосымшасының көмегімен жүзеге асырылады.
Бағдат Шолақов, «Қазпошта» АҚ Қаржы және агенттік бизнес департаментінің бас менеджері:
Қазпошта бөлімшелері арқылы IPO-ға қатысу туралы ақпаратты 1499 нөмірі бойынша call-орталықтан немесе post.kz сайтындағы QPost ассистентінің көмегімен білуге болады.
Сонымен қатар, науқанға Қазпошта арқылы тікелей жазылым тәсілімен қатысу үшін Сіз автоматтандырылған бөлімшелердің біріне барып, операторға жүгінесіз. Тікелей жазылым 9-қарашадан бастап 2-желтоқсанға дейін қолжетімді болады.
Азамат Нұғыманов