Сайлауда әлемдік тәжірибеде бар талаптар сақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауда әлемдік тәжірибеде бар талаптар сақталды

21.11.2022

Қазақстандағы дауыс беру процесі әлемдік тәжірибеде бар талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастырылған. Ал, сайлаушылардың белсенді болғаны қазақстандықтардың елде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. Бұл жайында Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингте ресейлік жазушы - Леонид Млечин мәлімдеді. Халықаралық шолушы кеше 10-нан астам сайлау учаскесін аралаған. Ол сайлау науқаны елдің рухани өмірінің кеңдігімен және пікірталастардың көптігімен ерекшеленді,-дейді.

Леонид Млечин, тарихшы-жазушы, халықаралық шолушы:

Бұл сайлаудың дұрыс ұйымдастырылғандығының басты дәлелі, өйткені солай болуы. керек. Сайлаушылардың елде не болып жатқанын, кім не істеп жатқанын, неге ұмтылу керектігін нақты біледі. Өз таңдауын ойланып жасайды. Меніңше, Қазақстанды осы сайлау науқанымен құттықтауға болады. Бұл сайлау елдің дамуына, алға жылжуына мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу