Қатарда әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатарда әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді

15.11.2022

Қатарда Футболдан әлем чемпионаты ашылуға бірнеше күн қалғанда, дүниежүзіндегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді. Оның биіктігі 2 метр, ұзындығы 5 метр болады.

Доп тебуге арналған алып кроссовканы тамашалау үшін/ «Қатара Мәдени Ауылына» бірталай жанкүйер жиналды. Бұл мемлекетте футболдан әлем біріншілігі алдағы жексенбіде басталып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.

Еске салайық, футболдан әлем чемпионатын Қазақстан және Қазспорт арналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай алады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу