Кеды мен кроссовкидің айырмашылығы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеды мен кроссовкидің айырмашылығы қандай?

21.02.2016
Кеды мен кроссовкидің айырмашылығы қандай?

Көп адамдар кедыны кроссовкимен шатастырып жатады, бірақ, олар екі түрлі болып келеді. Кедының табаны қыздырылған резеңкеден, ал жоғарғы жағы матадан жасалады. Алғашқы кедыларды қатты кенеп матадан жасаған. Қазір жоғарғы жақ материалы тері де бола алады.

Алғашқы кедыларды қарапайым спорттық аяқ-киім ретінде XIX ғасырдың аяғында «U.S.Rubber Company» компаниясы жасап шығарған. Тек, бірнеше жылдар өткен соң, 1917 жылы «Converse» компаниясы осы әдіспен спорттық аяқ-киім шығарып, оны «Keds» деп атаған.

Алғашында кедылар баскетбол ойынына ыңғайлап арнайы жасалған екен. Уақыт өте келе кедылар күнделікті киетін аяқ-киімге айналып кетті. Соңғы онжылдықта панк, гот, репер, xиппи, металлист, эмо сынды стильдегі жастардың ерекше аяқ-киіміне айналды.

Кеды арзан аяқ-киім түрі. Оны қаланың кез-келген дүкенінен таба аласыз. Егер сіз қолайлы әрі сәнді, спортпен қатар күнделікті киіске де жарайтын аяқ-киім іздесеңіз кеддылар ең тамаша нұсқа.

Хабарламаларға жазылу