Аяқ киім туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяқ киім туралы қызықты деректер

01.01.2016
Аяқ киім туралы қызықты деректер

Ежелгі дәуірлерде адам аяғын жарақаттаған уақытта оған жіппен байланған арнайы корсет кигізетін болған. Ол аяқтың қозғалуына кедергі жасағанымен, өте ыңғайлы болған. Оны –кроссовки деп атайтын. Адамдар мұның ыңғайлы екендігін түсінген кезде қазір «кроссовки» деген атауға ие спорттық аяқ киім пайда болған.

Кубада жеңіл аяқ-киімдермен шұлық киіп жүрмесе, сізді дәстүрлі ойлау жүйесінен ада адам деп ойлап қалуы мүмкін.

Норвегияда жаңа туған баланың аяқ-киімін ата-аналары күміспен қаптайды. Осылайша, олар өздеріне өте бағалы сувенирді алып қалады.

Ежелгі Римде әйелдер ақ түсті аяқ-киім, ерлер қара түстіні киетін ерекше дәстүр болған. Мереке күндері күлгін түсті аяқ-киім киген.

Оңтүстік Американың үндістері аяқ-киімге су өтпес үшін ерекше амал ойлап тапты. Олар қазіргі уақытта каучук алынатын өсімдіктің шырынын сығып алды.  Шырын суыған кезде қазіргі кебіске ұқсас дүние пайда болған.

Ал, биік өкшелі аяқ-киімді Моңғолиялықтар ойлап тапқан.  Олар үнемі аттың үстінде жүргенде аяқтары ілгіштен тайып кете берген. Осыны болдырмас үшін олар биік өкшені ойлап тапқан.

Америкада заңсыз саудагерлер мен есірткі тасымалдаушылар туралы заң күшіне енгенде ізді жасыратын аяқ-киімдер ойлап табылды. Оның табанына сиырдың ізін қалдыратын ағаштарды жабыстырып қоятын болған.

Қызықты дерек: XIX ғасырға дейін оң және сол аяқтың киімдері бірдей болды. Сол ғасырда, ең әуелі, Финляндия екі аяққа екі түрлі аяқ-киім жасап шығаруды ұсынды.

Пайдалы кеңес: егер сіз өзіңізге аяқ-киім сатып алатын болсаңыз, ең қолайлы уақыт түстен кейін екенін ұмытпаңыз. Өйткені, бұл уақытта адам аяғының көлемі едәуір ісініп тұрады.

Хабарламаларға жазылу