Оралда Аманжол Орынбекке 3 бөлмелі пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Аманжол Орынбекке 3 бөлмелі пәтер берілді

11.11.2022

Оралда трансформаторда токқа түсіп, екі қолынан айырылған Аманжол Орынбекке 3 бөлмелі пәтер берілді.

Кәсіпкерлер көмегімен сатып алынған пәтер күні кеше тапсырылған жаңа үйден берілді. Жазда жазатайым оқиғаға душар болған 5 жасар Аманжол Орынбек - отбасында 4 баланың кенжесі. Жақында Ұлттық арнадағы «1001 түн» бағдаламасының ақпараттық қолдауымен Алматыдағы протездік-ортопедиялық орталықта жасанды қол салынды.

Қазір денсаулығы, көңіл-күйі жақсы. Баланың қажеттілігіне қарай аурухана, емхана, мектеп үйге жақын орналасқан. Алматылық белгілі кәсіпкер сыйлаған екі бөлмелі шағын пәтер де баланың отбасында қалады. Азаматтық қоғам белсенділері шот ашып, халықтан жиналған 11 млн теңге баланың жыл сайынғы ем-домына жұмсалмақ.

Әсел Айтжанова, Аманжолдың анасы:

Халқыма рахмет, басымызға осындай іс түскенде қиындығымызды жеңіскен қазақ еліме рахмет айтамын, мың алғыс! Ақ халатты абзал жандарға рахмет. Әлеуметтік желілерге салып, көпшілікке танымал етіп жатқан Айболат Бөкеновке бөлек рахмет айтамын, өте көп азаматтық іс жасады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу