Шығыста бірнеше республикалық жолдарда тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне шектеу қойылды.
Нақты айтқанда Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағайдан Рахман қайнары бағытандағы жол. Бұл тау арасындағы бұралаңы көп бағыт болғандықтан, қар көп жауған жылдары жеңіл көліктің де қатынауы қиындайды.
Сондықтан қыс мезгілінде қауіпсіздік үшін жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады. Қажетті жол белгілері де орнатылды. Қыс түсе көктайғақ болатын тік белестерге себілетін құм жеткізіліп жатыр.
Олжас Керейхан