Марқакөлде топырақ көшкіні жүріп, жол жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марқакөлде топырақ көшкіні жүріп, жол жабылды

12.04.2024

Шығыста облыстық маңызы бар «Теректі-Ұрынхай-Төсқайың» бағытындағы жолдың 13-і шақырымын топырақ көшкіні шайып кетті. Салдарынан «Мраморное» асуы маңындағы жолға зақым келген. Жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туарлы «ОблШығысЖол» мекемесі мәлімдеді. Топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болуы мүмкін, дейді мамандар. Оқиға орнында құтқарушылар мен тәртіп сақшылары кезекшілік етіп жатыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына қажетті техника мен арнайы мамандар жұмылдырды.

Хабарламаларға жазылу