Шығыс Қазақстанда полицейлер жүргізушілерге ыстық тамақ пен шай берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда полицейлер жүргізушілерге ыстық тамақ пен шай берді

14.12.2023

Сақылдаған сары аяз шығыста да қайтпай тұр. Соңғы үш тәулікте түнде өңірдегі орташа темпратура -30-32 болса, ал таулы аудандарда -35-37 градусқа жетті. Қатты аязда сақтық үшін кешкі сағат 7-ден таңғы 7-ге дейін, кейбір бағыттағы жолдар жабылады. Дизельмен жүретін көліктерге күндіз де жолға шығуына шектеу қойылды. Алыс жолдан келе жатып, жолдың ашылғанын күткен жолдағы жүк көлік жүргізушілеріне өңірдегі полиция қызметкерлері тамақ пен ыстық шай берді.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу