Ыстамбұлда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдігі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдігі ашылды

08.11.2022

Алтайдан көшкен қазақтардың Түркияға қоныс аударғанына 70 жыл. Осыған орай Ыстамбұл қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдігі ашылды.

Қоғамдық ұйымның Түркиядағы өкілі болып дипломат, әрі ардагер журналист Ержан Уәйіс тағайындалды. Халықаралық ұйымның офисі қазақтар көп шоғырланған Зейтінбұрны ауданында орналасқан. Өкілдіктің ашылу салтанатына Қазақстаннан келген қонақтармен қатар, Түркияда тұратын қазақтар, Ыстамбұл мәслихатының депутаттары, Зейтінбұрны ауданының басшылары сияқты лауазымды тұлғалар қатысты.

Дүниежүзі қазақтарының Түркиядағы өкілдігі, қандастардың түрлі мәселесін шешуге ат салысып қана қоймай, екі ел арасындағы байланыстардың нығаюына да ықпал етпек.

Ержан Уәйіс, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі:

Қауымдастықтың негізгі мақсаты дүниеге тарыдай шашылған қазақтың басын бірктіру. Бірнеше мемлекетте бар уәкілдік. Соның бірі міне Түркия елінде ашылып жатыр. Бұл үлкен қуанышты нәрсе. Біз бір атаның балаларымыз, бір ұрпақпыз, тіліміз де бір, дініміз де бір, әдет-ғұрып салт-дәстүріміз де бір. Соны әрі қарай бірлікте жалғастыруымыз керек. Бұл бүгінгі ұрпақ үшін маңызды.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу