Алматыда шетелдегі қазақ жастарының сурет көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шетелдегі қазақ жастарының сурет көрмесі өтеді

15.09.2014
Алматыда шетелдегі қазақ жастарының сурет көрмесі өтеді

Биыл қазан айында Алматы қаласында шетелдерде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты сурет көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті ұйымдастырмақшы.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының хабарлауынша, мақсат – шетелдегі талантты қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару және олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Көрмеге 20-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Көрме жеңімпаздары лауреаттық дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу