Пхеньян жапон теңізіне баллистикалық зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян жапон теңізіне баллистикалық зымыран ұшырды

19.10.2021

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея мен Жапон әскерилері мәлімдеп отыр. «BBC»-дің хабарлауынша, Пхеньян зымыранды елдің шығысындағы Синпо портынан жіберген.

Соңғы апталарда Солтүстік Корея гипердыбысты ракета, алысқа ұшатын қанатты зымырандар, сонымен бірге, зениттік қаруды сынақтан өткізді. Ал бүгінгі баллистикалық зымыран сынағы Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ барлаушыларының Сеулдегі кездесуімен тұспа-тұс келіп отыр.

Корей түбегінде соғыстың қайта болуын қаламайтынын мәлімдеген Ким Чен Ынның сөзінше, қару жарақты жетілдіру елді жаулардан қорғау үшін қажет.


Хабарламаларға жазылу