55 күнде 5 жарым мың шақырымды бағындырды. Қазақстандық велошабандоз, журналист әрі аудармашы Ернат Мэлсұлы Түркияның Ыстамбұл қаласына барды. Осылайша ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған велошеру өз мәресіне жетті.
Ернат биыл 5 қыркүйекте, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде, ақынның туған топырағы Қостанай облысындағы Ақкөл ауылынан велосипедпен жолға шыққан. Содан бергі екі айға жуық уақытта шабандоз Әзербайжан, Грузия елдері арқылы өтіп Түркияға табан тіреді. Анадолының бірнеше қаласын басып өткен Ернат Ыстамбұлдағы Абай алаңында тарихи сапарының нүктесін қойды. Бұл жерде оны жергілікті қазақтар мен Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қызметкерлері қошеметпен қарсы алды. Сондай-ақ, ерекше велошерудің аяқталуы Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр.
Ернат Мэлсұлы, велошабандоз:
Велошеруде мәре мен сөре маңызды. Мәре А.Байтұрсынұлының туған жері кіндік қаны тамған үй мен кесенесіннен басталса, мәре осы алаштың арысы қазақ пен түрікке ортақ ұл біздің мақтанышымыз, әлемнің таеквондадан 7 мәрте чемпионы Мұстафа Өзтүрік ағамыздың зиратында аяқтадым. Түпкі мақсатым осы Қазақстан және әлемді аралап шығу.