Шымкентте бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

28.10.2022

Шымкентте кәсіпкерді бопсалап, оның Toyota Camry 70 автокөлігін тартып алған қылмыстық топ ұсталды. Жәбірленуші арызданғаннан кейін бірнеше күн ішінде тергеушілер бопсалау жайтына қатысы бар күдіктілердің кім екенін анықтаған. Екеуі де жергілікті қала тұрғындары болып шықты. Біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.

Оларды ұстау барысында екі аңшылық пышақ, пневматикалық тапанша, «АК-47» автоматы және «Макаров» тапаншасының қабы тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауда отыр. Оларға қатысты соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, полиция ұсталғандардың қазанда тағы бір азаматтың Iphone 13 Pro Max ұялы телофонын алып қойғанын анықтады. 

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу