Есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

01.04.2022

Атырауға есірткі жеткізумен және оны облыс аумағында өткізумен тұрақты түрде айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Ұйымдастырушысы Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Ол Шымкент – Атырау бағытында қатынайтын автобустар арқылы марихуананы жеткізіп отырған. Күдіктінің сыбайластары тауарды қарсы алып, белгілі бір жерде сақтаған. Содан кейін мекен-жайларға таратып, есірткіні сатудан түскен ақшаны жинап, картаға аударып жүрген. Олардың бүгінге дейін заңсыз табысы алты миллион теңгеден астам соманы құрады. Осы қылмысқа тікелей қатысы бар адамдардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу