Атырауда синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды

11.11.2021
Атырауда синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды

Атырауда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті қолға түсті. 27 жастағы азамат өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі дозаларын дайындап келген. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 300 грам, яғни 1500 доза, нарықтағы құны 20 млнның үстінде.

Ал Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркеліп, заңсыз айналымнан 5,5 тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді. 47 адам наркотикалық заттарды сату кезінде ұсталса, 23 тұрғын аса ірі көлемде есірткіні сақтаған. Тәртіп сақшыларымен 36 есірткі контрабандасына тосқауыл қойылып, 60 адам көкнәр еккені үшін қылмыстық жауапқа тартылған.


Хабарламаларға жазылу