Батыс Қазақстанда 15 жастағы жеткіншек аңшы мылтығынан жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 15 жастағы жеткіншек аңшы мылтығынан жарақат алды

17.10.2022

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында 15 жастағы жеткіншек аңшы мылтығынан жарақат алды. Жасөспірім Оралдан 500 шықырым жердегі Хан ордасы ауылынан санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бала кеуде тұсынан жарақат алған. Қазір жағдайы ауыр. Бірақ оңалып келеді. Полиция жағдайдың мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу