Жамбыл облысындағы жаппай төбелесте 8 адам мерт болып, 40-тан астам адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы жаппай төбелесте 8 адам мерт болып, 40-тан астам адам жараланды

08.02.2020

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығыстан 8 адам мерт болып, 40-тан астам адам жарақат алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен шұғыл брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Оның сөзінше, қазір аймақта жағдай басылып, оқиғаға қатысты жедел тергеу тобы құрылған. Бірнеше қылмыстық іс қозғалып, 47 адам ұсталды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, 2 аңшы мылтығы тәркіленген. Қазіргі мәлімет бойынша, оқиғаның салдарынан 30-дан астам жеке үй мен 15 сауда орны, сондай-ақ 23 автокөлік бүлінген.

Хабарламаларға жазылу