Мәскеу облысында 9 сынып оқушысы атыс ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу облысында 9 сынып оқушысы атыс ұйымдастырды

06.09.2017

Ивантеевка қаласындағы №1-ші орта мектепте 15 жасар жеткіншек сабақ үстінде мұғалімді балтамен ұрып жығып, қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқан. Содан соң пневматикалық қарудан айналасына оқ жаудырған. Оқыс оқиға кезінде мұғалім жарақат алды, тағы бірнеше оқушы 2-ші қабаттан секіріп кетіп майып болды.

Атыс ұйымдастырған оқушы көп ұзамай қамауға алынды. Қазір мамандар оның неліктен мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу