Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам қайтыс болды

14.12.2021

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында екі көлік соғылып, 42 жастағы жүргізуші көз жұмды. Тағы үш адам жарақат алды.

Жол апаты кеше Орал-Атырау тасжолы бойында болды. Жарақат алғандар Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


жол апаты

Хабарламаларға жазылу