Кезектен тыс өтетін президент сайлауына алғашқы үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кезектен тыс өтетін президент сайлауына алғашқы үміткер тіркелді

12.10.2022

Кезектен тыс өтетін Президент сайлауына алғашқы үміткер тіркелді. Ол – бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы. Орталық сайлау комиссиясы тиісті Қаулыға қол қойды. Студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Данияр толығырақ ақпарат беруге дайын. Асылбек, сөз өзіңде.

Асылбек Данияр, тілші:

Осыдан бір сағат бұрын Орталық сайлау комиссиясына презденттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдерген өкілдері соңғы құжатты тапсырды. «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың тиісті қолы жиналған. Оған 20 өңірден 399 809 адам қол қойған. Оны комиссия тексерістен өткізген. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігін үміткердің сенім білдірген адамы Ерлан Қошановқа берілді. Сондай-ақ, комиссия аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі Тоқаевқа «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін мәліметтерді жолдайды. Ерлан Қошановтың айтуынша, үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі коалиция үгіт-насихат жұмысына рұқсат берілген күннен бастап жұмысын бастауға дайын екенін айтты.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Коалицияға 3 парламенттік партия, 20-дан астам қоғамдық бірлестіктер кіріп отыр. Олардың барлығы - біздің мемлекетіміздегі қоғамдық саяси-өмірге араласып жүрген ірі қоғамдық бірлестіктер. Сол қоғамдық бірлестіктер қосылып, осы коалиция құрды. Соның атынан Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке үміткер ретінде ұсынылды. Бірнеше күннің ішінде барлық сайлау заңнамасына сәйкес барлық талаптар орындалды.

Асылбек Данияр, тілші:

Айта кетейін, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау рәсімі өткізілген жоқ. Заңнамаға сәйкес мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне бұл ереше қолданылмайды. Жалпы, үміткерлерді тіркеу 21 қазанға дейін жалғасады. Олардың әр қайсысы кем дегенде 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс. Ал, 21 қазан сағат 18.00-де үгіт-насихат жұмыстары басталады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу