Сайлау учаскелері саяси шараға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау учаскелері саяси шараға әзір

17.11.2022

Кезектен тыс Президент сайлауына үш күн қалды. 20-сыншы қарашада өтетін саяси додаға елімізде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды. Әрі әлемнің 53 елінде 68 сайлау учаскесі ашылды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауда дауыс беруге арналған бюллетенінің мәтінін бекітті. Оған тұңғыш рет «бәріне қарсымын» деген графа енгізілді. Қазір ел бойынша 11 миллионнан астам сайлаушылардың тізімі жасалды. Бұдан бөлек, 35 шет мемлекеттен сайлауға 641 халықаралық байқаушы аккредиттелген.   

Азамат Нұғыманов   

Хабарламаларға жазылу