Ресейді Қырыммен жалғайтын көпірде өрт шығып, жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейді Қырыммен жалғайтын көпірде өрт шығып, жарылыс болды

08.10.2022

Ресейді Қырыммен жалғайтын көпірде өрт шығып, жарылыс болды. Ресейдің терроризммен күрес комитетінің мәлімдеуінше, бомба қойылған жүк көлігінің күлі көкке ұшқан. Одан теміржол көпірінде пойыздың 7 отын цистернасы өртенді. Сонымен бірге жолдың автокөліктерге арналған бөлігіне де зақым келген. Ал Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, жарылыстан үш адам қаза тапқан. Өрт сөндіріліп, көпірде көлік қозғалысы тоқтады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетсек, бұл көпір Ресей Қырым түбегін аннексиялағаннан кейін 2018 жылы салынды. Стратегиялық нысан Ресей әскеріне қажетті жабдықтарды жеткізуге қолданылады. Бұған дейін Украина әскерилері көпірді жою қажеттігін, алайда оған жете алатын қаруы жоқ екенін бірнеше мәрте мәлімдеп келген еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу