Тараздағы көпір апаттық жағдайға жетпеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы көпір апаттық жағдайға жетпеген

08.12.2020

Таразда үш жыл бұрын пайдалануға берілген көпірде ақаулар пайда болды. Шаһарды теміржол желісінің арғы жағымен жалғайтын өткелдің бүлініп бара жатқаны жайындағы видео әлеуметтік желіге тараған болатын. Онда көпір екіге жарылып, саңылаудан жер көріне бастағаны айтылған. Тіпті видеодан темір қоршаулар сынып жатқанын байқауға болады. Ал, жауапты мамандар көпір ешқандай апаттық жағдайда емес дейді. Айтуларынша ол нысанның деформациялық саңылауы. Көпірдің техникалық мінездемесінде сай саңылау қыста ашылып, жазда жабылып тұрады. Ал, мердігер бұл жағдайды ескермей темір қоршауды дәнекерлеп тастаған. Қазір ол кемшілікті түзету жұмыстары жүріп жатыр.   


Тараз көпір

Хабарламаларға жазылу