Жарылыстан кейін түсірілген фотосуреттер жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыстан кейін түсірілген фотосуреттер жарияланды

29.08.2021

Әлеуметтік желілерде жарылыс алдындағы өрт сөндірушілердің жұмысы түсірілген видео пайда болды. Апатқа дейін және кейін түсірілген фотосуреттер де жарияланды. Видеода бірнеше өрт сөндірушінің жанып жатқан қоймаға су шашып жатқаны көрінеді. Арада санаулы минут өткен соң дәл сол жерде жарылыс болған. Сондай-ақ Instagram парақшалардың бірінде апаттан кейін түсірілген фотоматериалдар жарияланды. Онда күл-талқаны шыққан өрт сөндіру машиналары мен зақымданған ғимараттарды және автокөліктерді көруге болады.    

Хабарламаларға жазылу