ІІ Каспий экономикалық форумы аясында 15 инвестициялық жоба іске аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІ Каспий экономикалық форумы аясында 15 инвестициялық жоба іске аспақ

06.10.2022

Каспий теңізінің Қазақстан аумағында 360 млн доллардан астам қаражатқа 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы Мәскеуде өткен екінші Каспий экономикалық форумында айтылды. Экологиялық бағдарламаларды қайта жаңғырту мәселесі де сөз болды. Күш-жігерді бірлесіп қолданудың маңызды бағыттарының бірі - көлік инфрақұрылымын дамыту және халықаралық сауданы кеңейту.

Теңіз деңгейі соңғы жылдары төмендеп келеді. Каспийдің аумағында 15 миллионнан астам адам тұратынын ескерсек, бұл мәселені назар тыс қалдыруға болмайды.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:
«Экологиялық тепе-теңдікті сақтау біздің елдеріміз үшін маңызды міндет болып табылады. Теңіз проблемалары оның биологиялық ресурстарының сарқылуымен, шикізат өндіру және жүктерді тасымалдау нәтижесінде қатты ластану қаупімен байланысты. Осыған байланысты Каспий экологиялық бағдарламасының қызметін қайта жандандыруды қолдауға шақырамыз».

Каспий маңындағы" бестік" транзиттік маршруттарды дамытудың жол картасын қабылдайды. Әлихан Смайылов өзінің географиялық орналасуына және бірегей транзиттік әлеуетіне байланысты Каспий халықаралық сауданы дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстанда Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс көлік дәліздерінің әлеуетін арттыратын трансшекаралық хабтарды қалыптастыру бойынша жоспарлар бекітілді.Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды аспектісі - аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл бағытта мұнай мен газды терең өңдеу басты басымдықтарға айналуда.

Казбек Туганов, Солтүстік Осетия республикасы сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті:
«Ең басты мәселе-экономикалық қатынастарды жандандыру. Бірнеше жыл бойы алыс-беріс үзілген жоқ, бірақ қазір сауда хабтарын құрып, тауар алмассақ деген жоспар бар. Әрине бұл орайда Қазақстан мен Иран басты серіктестердің бірі».

Туризм саласындағы бірлескен қадамдарды жандандыру үшін де ұсыныстар айтылды. Мысалы аралас турларды іске қосу, круиздік туризмді дамыту және визалық-көші-қон режимдерін енгізу.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу