Тұмабұлақ ауылының жастары туған жерге тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұмабұлақ ауылының жастары туған жерге тарту жасады

15.06.2023

Ақтөбе облысындағы Тұмабұлақ ауылының жастары туған жерлеріне тарту жасады. Олар елдімекенге кіреберіс қақпа орнатып, көшелерге жарықшамдар орнатты. Енді шағын футбол алаңын салмақ. Қақпаны жасауға 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары арасында үлкен футбодан жарыс өтіп, доп додасына 16 команда қатысты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белсенді жастардың бастамасы туған жерді көркейтуге, елдімекендердің дамуына айрықша үлес.

Дәурен Убайдуллин, Тұмабұлақ ауылының тұрғыны: 

Салауатты өмір салтын сақтауда осындай шаралар жалғасын таба берсін дейміз. Бүгінгі шарамызға 16 команда, 200-ден астам адам қатысып жатыр. Жыл сайын жалғасын тауып, туған өлкесіне, тәлім алған мектебіне ат ізін салып тұрса деген ниетіміз бар. Туған жерді ұмытпау, қастерлеу азаматтық парызымыз деп білеміз.


Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу