«Бірлігі жарасқан Бесқарағай»: Абай облысындағы ауданда мәдениет және спорт фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлігі жарасқан Бесқарағай»: Абай облысындағы ауданда мәдениет және спорт фестивалі өтті

11.09.2023

«Бірлігі жарасқан-Бесқарағай». Осындай атпен Абай облысындағы Бесқарағай ауданында мәдениет және спорт фестивалі өтті. Мерекеде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Мәдени шаралар ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.

Бесқарағай – Абай облысындағы экономикасы қуатты аудандардың бірі. Әсіресе, егін мен мал шаруашылығы ерекше өркендеген. Соңғы жылдары өңірде жасалып жатқан оң өзгерістерге тұрғындардың көңілі толады. Ауданғы әр саланы дамыту үшін бір жылда 15 миллардтан астам инвестиция құйылған.

Ерболат Рахметулин,  Бесқарағай ауылының тұрғыны:

Тұрғын үй жетіспей, басқа да жағдайларда көше жарықтандырылмай, жол мәселесі салынай жататын жағдайлар болатын. Бүгінде қарап отырсаңыз аудан орталығының өзінің 90 пайызы жарықтандырылған көшенің. Жолдар бәрі жөнделіп жатыр тұрғын үй салынып жатыр.

«Бірлігі жарасқан-Бесқарағай» мәдениет және спорт фестиваліне жиналғандар өңірден шыққан ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Нұрлыбек Баймұратовтың өмір мен шығармашылығы жайлы қойылымды тамашалады.

Ауданда ауылшарушылығымен қатар, шағын және орта бизнес те қарқын алып келеді. Өңірден шыққан меценаттар туған өлкенің дамуына үзбей үлес қосып отыр. Ондай ел жанашырларын өңір басшылығы салтанатты түрде марапаттады.

Талғат Мұратов,  Бесқарағай ауданының әкімі:

Ауылшарушылығымен айналысатын шарушылықтардың саны 500-дей болады. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ауданымызда 7 жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, «Қуатты өңірлер-ел дамуы» жобасының шеңберінде 35 екі пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде.

Мәдениет және спорт фестивалі аясында балуандар белдесіп, көкпар тартылды. Тай, құнан жарыс пен аламаннан жүйріктер анықталды. Ауыл мерекесі эстрада жұлдыздарының қатысумен өткен концертпен қортындыланды.

Хабарламаларға жазылу