Көкшетауда синтетикалық есірткі таратпақ болған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда синтетикалық есірткі таратпақ болған азамат ұсталды

04.10.2022

Көкшетауда 22 жастағы жігіт синтетикалық есірткі таратпақ болған кезде қолға түсті. Тексеру кезінде оның сөмкесінен ақ түсті ұнтақ салынған 40 орама табылған. Қалтасында тағы 37- сі болған. Сараптама арқылы бұл ұнтақ - психотроптық зат екені анықталды. Елордалық жігіт екі апта бұрын әлеуметтік желі арқылы есірткі жасырушы болып жұмысқа тұрған. Ол Көкшетауға келген күні қолға түсті. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.  

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу