Өскемендік ғалымдар отандық импланттарды қолданысқа енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендік ғалымдар отандық импланттарды қолданысқа енгізді

01.10.2022

Өскемендегі техникалық университеттің ғалымдары медициналық импланттардың барлық түрін жасауға кірісті. Жеті жыл бұрын ғылыми жоба ретінде басталған жұмыс өз нәтижесін берді. Отандық ғалымдардың жасаған импланттары Астанадағы ұлттық ғылми-зерттеу орталығында клиникалық сынақтан сәтті өтіп жатыр. Олар бүгінге дейін 20 адамның аяқ-қол буындарына қойылды.

Елімізде буын сүйектерін алмастыру соңғы бес жылда ғана нақты іске аса бастады. Білікті дәрігерлер жеткілікті. Ендігі мәселе науқастың сүйегін алмастыратын имплантта. Қажетті шикізат болғанымен оны терең өңдейтін мүмкіндік болмады. Сондықтан техникалық университет ғалымдары жеті жыл бұрын ірі ғылыми жобаны қолға алған. Нәтижесінде адам сүйегін алмастыратын импланттың 14 түрін жасап шығарды.

Өскемендік ғалымдар жасаған импланттар бұған дейін сынақтың бірнеше түрінен сәтті өтті. Қазір Астанадағы Ортопедия және травматология институтының білікті ғылымдары клиникалық тексеруден өткізіп жатыр.

Бағдат Азаматов, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми қызметкері:

Мынау мысалы жамбас сүйекке арналған пластина деп аталады. Екі түрін пациентке орнатқанбыз. Олар қазір сынақтан өтіп жатыр. Мына омыртқа арасына шеміршек өскенде орнатылатын кейдж деп аталады. Осының 17 данасы пациенттерге орнатылды. Және де клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Бұрын ғалымдардың тың жобалары өндірісте қолдау таппағандықтан зертханадан ары аспайтын.Себебі қажетті қондырғы мен материал болған жоқ. Қазір мәселе толық шешілген.

Олжас Керейхан, тілші:

Ғылыми-өндірістік алаңға қойылған құрал-жабдықтардың бәрі бастан-аяқ автоматтандырылып, интернетке қосылған. Нәтижесінде әрбір детальді никро-миллиметрлік дәлдікте өңдейді. Мәселен мынау титаннан жасалған жамбас сүйегіне қойлатын импланттың бір түрі.

Қазір медицина саласындағы имплантты шетелден алып отыр. Кісідегінің кілті аспанда.

Сәуле Жәдігерқызы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

Қазақстандық имплант дегеніміз – ол шетелдікінің орнын ауыстырады. Сондықтан осы жоба ары қарай жалғасады. Біз тек ол жобамен ғана тоқтап қалмай ары қарай медикалық құрал-жабдықтарды жасауға жұмыс істеп жатырмыз. Операция жпасағанда адаманың жарасын ашу үшін жасалған жабдықты өндіріске алдық.

Медициналық құралдар мен имплант жасау үшін, өңдеуден өткен металдар шет елден келеді. Себебі Өскемендегі титан комбинатының өнімі жарамайды дейді ғалымдар. Әрі мұндай импалаттың бағасы да арзан болмақ. Айта кетейік,тек Шығыс Қазақстан облысында түрлі буын сүйегін алмастыру үшін бірнеше мыңдаған адам кезекте тұр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу