Студенттік жатақханалар салуға инвестиция тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттік жатақханалар салуға инвестиция тартылады

26.09.2022

Студенттік жатақханалар құрылысы елімізде кезең-кезеңмен жүзеге асады. Жыл сайын 10 мың адамға шақталған жаңа жатақханалар бой көтергенімен мәселе шешілмей отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Қазір елімізде 87 мың орынға тапшылық сезіліп отыр. Түйткілді шешу үшін 50 шақты мердігермен келіссөздер жүргізілді. Құрылыс компанияларының ұсыныстары ескеріліп, жатақхана салу шарттары өзгерді. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Бұл шарттардың өзі қазіргі таңда мердігерлерге қызықты емес. Неге десеңіз құрылыс материалдарының құны шарықтап тұр. Кеше біз бүкіл мердігерлермен кездесіп, олардың ұсыныстарын пысықтадық. Енді қаржы министрлігімен сол шарттарды жаңадан қарастыратын боламыз. Сегіз жылдан алты жылға дейін қысқартамыз. Мысалы, ақшаны қайтару есебін де ескереміз.

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу