Елімізде 23 мың студентке жатақхана жетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 23 мың студентке жатақхана жетпейді

06.09.2023

Елімізде 23 мың студент жатақханасыз жүр. Панасыз қалған жастарға жәрдем беру үшін оқу орындары жанынан кризистік орталықтар ашылуда. Соған қарамастан еліміздің ірі қалаларында жағдай әлі күрделі.

Осыған байланысты министрлік биылдан бастап өңірлік оқу орындарына берілетін гранттар санын ұлғайтып отыр. Сондай-ақ ел аймақтарында белді еуропалық университеттердің филиалдары ашылады. Бұл жастардың өз өлкелерінде тұрақтап, сапалы білім алуларына мүмкіндік бермек. Министрліктің жоспары бойынша, елімізде жыл сайын 10 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Қазір әрбір университетте студенттік омбудсмендер жұмыс істеп, ситуациялық орталықтар құрылған.

Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:

Әрбір университеттің жанынан ситуациялық және кризистік орталықтар құрылған болатын. Университеттегі ситуациялық орталықтарда кез-келген студент осы жатақхана мәселесіне байланысты осы орталыққа байланыс жасай алады. Ал кризистік орталықта, мына жолдан келген жастарымыз бар, төсек орындар қойылып, балаларымыздың далада қалып қоймасы үшін жасалып жатқан іс-шаралар.


Қуандық Танабас

Хабарламаларға жазылу