Қостанай облысындағы мектептерге өткен оқу жылында 23,5 млн теңге айыппұл салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы мектептерге өткен оқу жылында 23,5 млн теңге айыппұл салынған

21.09.2022

Бұған білім ошақтарында санитарлық талаптардың бұзылуы себеп. Облыста 461 мектеп бар, оларда 114 мыңдай бала білім алады. Үш жүзге жуық білім ұясы тексеріліп, 179-ында санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды. Олардың бірқатарына кемшілікті жою туралы ескерту берілген. Сондай-ақ жалпы құны 23 млн теңгеден асатын 200 айыппұл хаттамасы толтырылған.


Хабарламаларға жазылу