Акциз салығы арқылы бюджетке 757 млрд теңгеден аса ақша түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Акциз салығы арқылы бюджетке 757 млрд теңгеден аса ақша түсті

05.01.2023

Акциз салығы арқылы бюджетке 757 млрд теңгеден аса ақша түсті. Кірістер комитеті былтыр қазынаға түскен қаржы 288 млрд теңгеге артық болғанын хабарлады. Бұған кейбір тауар түріне салынған акциздің өсуі де әсер еткен.

Сонымен бірге «көлеңкелі» бизнеспен айналысқан кәсіпорындарды анықтау арқылы түскен қаржы бар. Мысалы былтыр құны 15 млрд теңге тұратын мұнай өнімдері заңсыз саудаланбақ болған. Сот шешімімен 55 млн теңге табыс тәркіленіп, 25 млн теңге айыппұл салынған. Бензинді де заңсыз алып өтпек болғандарға айыппұл есептелді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу