Ұзынағашта жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұзынағашта жаңа мектеп ашылды

31.08.2017

Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келіп, оқушыларға жаңа оқу жылында үлкен жетістіктер тіледі. Ғимараттың құрылысына 1 млрд.  924 млн. теңге қаржы жұмсалған. Сондықтан, спортзалы еңселі, оқу сыныптары кең, яғни білімгерлер үшін барлық жағдай жасалған. 

Жалпы, өңірде  Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 35 мектеп салынып жатыр, соның 27-сі биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі.  

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу