Бүгін Ұлыбританияда Патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлыбританияда Патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсімі өтеді

19.09.2022

Бүгін Ұлыбританияда Патшайым Елизавета Екіншіні жерлеу рәсімі өтеді. Марқұммен қоштасу үшін Лондонға 1 миллиондай адам жиналған. Вестминстр аббатығында өтетін жаназа рәсіміне 500-дей мемлекет басшысы қатысады. Бұған дейін патшайымды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Қыркүйектің 14-нен бері Вестминстр-холлда марқұммен қоштасу өтіп жатыр. Патшайым Винздор сарайында марқұм күйеуі - Филипп ханзаданың қасына жерленеді. Еске салайық, 70 жыл бойы билік құрған Елизавета Екінші 8 қыркүйек күні 96 жасында қайтыс болды. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу