Елордада Рим Папасының қатысуымен діни месса өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Рим Папасының қатысуымен діни месса өтті

14.09.2022

Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі аясында елордада Рим папасының қатысуымен діни месса өтті. Католиктер өкілінің діни құлшылық рәсіміне қатысуға, Орта Азия мен алыс жақын шетелден мыңдаған адам келді. Рим папасы Франциск әуелі алаңды көлікпен аралап, жиналған халыққа сәлем берді. Діни рәсім кезінде көпшілік қауым, Рим папасын қошеметтеп қарсы алды.

Данил Некрасов, Мессаға қатысушы /Өзбекстан/

Мен Өзбекстаннан осы шараға қатысуға арнайы келдім. Рим папасын көргім келді. діни рәсімге қатысып, ғибадат етпекпін. Өзім мүгедекпін. Он жыл бұрын жол апатына ұшырап, арбаға таңылдым. Жүре алмаймын. Мен үшін басты құндылық денсаулық екенін түсіндім. Бар тілегім сол.

Раушан Сайлауқызы, тілші

Діни шараға кез келген дін мен конфессияның өкілдері қатыса алады. Бүгінгі рәсімге Қазақстанмен қоса ,алыс жақын шетелден келген меймандар бар.

Назым Жанғазы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ресми өкілі:

Олар Еуропа, Ақш, Ресей, Моңғолия елдерінен келіп жатыр. Қазақстаннан келіп жатқандар да бар. Ең көп католиктер саны қарағандыдан келді. Жалпы еліміздег католиктер саны 180 мыңнан асады.

Раушан Сайлауқызы, тілші

Мұндай шара тек Ватиканда ғана емес, әлемнің әр түкпірінде өткізіліп келеді. Ал Қазақстанда месса алғаш рет өтіп отырған жоқ. Елімізде ең алғаш өткен діндер съезі аясында бұрыңғы Рим папасы ІІ Иоан Павелдің қатысуымен 2001 жылы өткен еді. Оған шамамен 40 мыңға жуық адам қатысқан. Осылайша Рим папасының қатысуымен ең жоғарғы дәрежелі діни рәсім астанасында осымен екінші рет ел өтетін болады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу