Украинаның қорғаныс күштері Харьков облысындағы 40 елдімекенді азат етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның қорғаныс күштері Харьков облысындағы 40 елдімекенді азат етті

13.09.2022

Мұны осы өңірдегі әскери әкімшіліктің басшысы мәлімдеді. Оның сөзінше, қайтарылған аумақтың ауқымы бұдан да көп. Әскери іс-қимылдың мүддесі үшін бұл ақпарат құпия сақталып отыр. Ал Президент Зеленскийдің мәліметінше, қыркүйектің басынан бері армия елдің шығысы мен оңтүстігінде 6 мың шаршы шақырымнан астам аумақты азат еткен. Рейтердің дерегінше Ресей әскері бар күшін Донецк облысына шоғырландыра бастады. 

Хабарламаларға жазылу