Жетісу облысында 500 га аумақта құрғақ шөп өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 500 га аумақта құрғақ шөп өртенді

12.09.2022

Жетісу облысындағы өрттің сөнуіне кешелі бері жауған жаңбыр сеп болды. Өңірдің таулы аймақтарында 500 гектардан астам аумақта құрғақ шөп өртенген. Алакөл аудандық орман шаруашылығының Кендірсақал учаскесінде тұтанған өртті сөндіруге 200-ге жуық адам мен 17 техника және екі тікұшақ жұмылдырылды. Тілсіз жау қатты жел салдарынан Қазақстан-Қытай шекарасына дейін жетіп, көрші ел өрт сөндірушілері жалынның ары қарай таралуына жол бермеді. Қызыл жалынмен күресте Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі те көмектесті. Қазір тікұшақпен таулы аймақтарда барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу