Алматыда құрғақ шөптің өртенуіне байланысты мамандардың рейдке шығуы жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құрғақ шөптің өртенуіне байланысты мамандардың рейдке шығуы жиіледі

26.07.2023

Алматы аумағында құрғақ шөп өртенуі жиіледі. Мамандар қазір күніне 3 рет рейдке шығуға мәжбүрміз деп отыр. Өрттің тұтануына көбіне адамдардың немқұрайлығы себеп болады. Жуырда ғана Алатау ауданында орналасқан индустриалдық аймақтағы 6 га құрғақ шөп жанған кетті. Оның себебі мен салдары қандай? Апаттың алдын алу шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр ма? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес анықтады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Алатау аудандық мамандарылған өрт сөндіру бөліміне индустриалды аймақта өрт шықты деген қоңырау келіп түсті. Қазір алты адамнан тұратын жеке құрам оқиға орнына аттанғалы жатыр. Олар 5 минутта қызыл жалын шарпыған аумақта болады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Көріп тұрғандарыңыздай өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап жатыр. Өрттің аумағы 20 шаршы метрден аспайды, дегенмен қазір шөп құрғақ, күн ыстық. Сондықтан дер кезінде сөндірілмесе, 20 шаршы метрдегі өрт 20 гектарға жайылып кетуі ғажап емес.

Талғат Дүйсенов, индустриалды аймақтың бас инженері:

Өрт шыны бөтелке сынығынан тұтанған. Ол күнге қызып, содан құрғап шөп тұтанған. Біз тұрған индустриалды аймақта клинингтік компания жұмысшылары құрғақ шөптерді шабумен және тазалаумен айналысады. Десе де, тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларын сұрар едік.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Осыдан екі апта бұрын Алатау ауданында аумағы 6 гектар болатын құрғақ шөп өртенген еді. Жалпы, соңғы екі айда қала аумағындағы алқаптарда өрт жиілеп кетті. Оған не себеп, тілсіз жаудың алдын алу шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр ма?

Мадияр Қасенов, Алатау ауданы төтенше жағдай басқармасының инженері:

Соңғы айда үш үлкен құрғақ шөптің жануы тіркелді. «Батыс» зираты, индустриалды аймақ, «Сақ қорғанында». Күніне үш рет рейдке шығып отырамыз. Ауданның аумағы үлкен болғандықтан толық қамтып мүмкін болмай жатыр. Өрттің себептері тұрғындардың темекі қалдықтарын шөпке тастауына және әйнектерді жерге тастауына байланысты. Әйнектергі күн сәулесі түсіп содан өрт шығып жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Былтыр шаһар аумағында 117 өрт тіркелді. Оның ішінде «Көктөбедегі» өрт те бар. Ал биыл 202 рет құрғақ шөп жанған.

Тілсіз жаудың алдын алу үшін рейдтік шараларды күшейту керек дейді мамандар. Бірақ әзірге бұл мақсатқа тиісті деңгейде қаражат бөлінбей отырған көрінеді. Мәселен, аумағы 400 га-дан асатын индустриалды аймақтағы құрғақ шөптерді шабумен небары 12 адам айналысып жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу