Баянауыл ұлттық парк аумағында көлік өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ұлттық парк аумағында көлік өртенді

08.06.2023

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық парк аумағында Камаз көлігі өртенді. Баянауыл- Қарағанды трассасында кетіп бара жатқан жүк көлігінің кабинасы отқа оранып, қызыл жалын жасыл желекке тиген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті іле ауыздықтады. 0.22 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанған. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу