Астана іргесінде 4 гектар қамыс жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана іргесінде 4 гектар қамыс жанып кетті

03.08.2023

Астана қаласының іргесіндегі Қаражар ауылынан 8 шақырым жерде де қамыс өртенді. Мамандар 4 гектардай аумақ өртенген деді. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілді дейді құтқарушылар.

Егіс алқаптары 27 мың гектарға ұлғайған

Дейтұрғанмен, Ақмола облысында шөп шабу науқаны жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 815 мың тоннаға жуық мал азығы дайын. Сала мамандары төрт-түлік қыстан қысылмай шығуы тиіс деп отыр. «Өйткені биыл өңірдегі егіс алқаптары 27 мың гектарға ұлғайып, 1400-ге жуық жаңа техника сатып алынған. Олардың өнімділігі жоғары. Сондықтан, еңбек күшін де көп талап етпейді»,- дейді шаруалар. Жалпы биыл облыста 223 мың гектардан астам аумақта егілген мал азығын оруға 13 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

Қонысбек Айтжанов, шаруа:

Жаңбыр кеш келді. Енді шөп шабуға кедергі келтіріп жатыр. Жұмыс істеткізбейді. Шығыны орташа. Жақсы деп айта алмаймын. Қара мал басы бар. Қой, жылқы, сиыр, бұзау бар деген сияқты. Әрқайсымызға кем дегенде 10 тележка шөп керек.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу