«Болашақ» стипендиясы 84 азаматқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» стипендиясы 84 азаматқа берілді

31.08.2022

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді.

Отырыс барысында Президенттің «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды. Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді. 

Хабарламаларға жазылу