Әлемдік нарықта мұнай қымбаттап жатыр. Бүгін Brent маркалы қара алтын 100 долларға сатылды. Америка мұнайының құны 93 доллардан жоғары көтерілді. Инвесторлар федералды қор төрағасының экономикалық конференциядағы мәлімдемесін күтуде.
Ол ақша-несие саясаты мен экономикалық жағдайға қатысты болжамын айтады. Сонымен бірге Иранмен ядролық келісімді қалпына келтіру оның мұнайды нарыққа қайтаратын мүмкіндік. Ал Қазақстан шикізат өндірісін екі жылда 22 млн тоннаға арттыруды жоспарлап отыр. Артылған мұнайды Әзірбайжан арқылы жөнелту мүмкіндігін қарастырмақ.
Ақерке Бектас