Мұнай қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қымбаттап жатыр

24.09.2021

Мұнай бағасы тағы қымбаттады. Қазір оның баррелі 77 доллардан асты. Соңғы рет мұндай баға тура үш жыл бұрын болған.

Содан бері құбылған қара алтын құнының қайта көтерілуіне АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы себеп. Оның үстіне Ида дауылынан соң, өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Еуропадағы газ тапшылығы да қара алтын бағасының көтерілуіне әсер етіп жатыр дейді сарапшылар. Тіпті Голдман Сакс жақын күндері бұл шикізаттың бағасы 90 долларға жетеді деп болжап отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу