Қазақстан биыл мұнай өндіру көлемін 2 млн баррельге азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан биыл мұнай өндіру көлемін 2 млн баррельге азайтады

05.04.2022

Қазақстан биыл мұнай өндіру көлемін 2 млн баррельге азайтады. Сонымен бірге нақтыланған бюджетте мұнай бағасы 90 долларға дейін өсті. Былтыр қара алтын құны 60 доллар болып бекітілген еді. Рейтердің хабарлауынша, әлемдік нарықта мұнай қымбаттап жатыр. Оған Ресейге салынған санкциялар, Иранмен ядролық келіссөздің тығырыққа тірелуі себеп.

Қазір Brent шамамен 3 пайызға қымбаттап, 107 доллардан сатылып жатыр. WTI маркалы шикізат 102 долларға саудалануда.


Хабарламаларға жазылу