«Amanat» партиясы: Қымбатшылыққа жол бергендерді жауапқа тарту керек
«AMANAT» партиясының өкілдері аймақтарда азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендерді жауапкершілікке тартуды ұсынды. 29 шілде мен 12 тамыз аралығында мониторингтік топтар 2522 нысанда тексеріс жүргізген. Нәтижеде 77 бұзушылық анықталды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағадан жоғары сатылуы 10 өңірде тіркелді. Макарон өнімдері, пияз бен қырыққабат, ұн, сәбіз, қарақұмық пен картоп қымбаттаған. Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыртқа 30 пайыз қымбатқа сатылған. Маңғыстау облысында қырыққабат бағасы 100 пайыз, сәбіз – 60, ал картоп – 36 пайызға қымбаттаған, - дейді партия мүшелері. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29